Ерсұлтан Сапар — Американың IT компаниясында жұмыс істейтін маман. Оның айтуынша,  техника дүкеніне барғанда жеңілдікке емес, сапаға мән беру қажет.

Ноутбук сатып аларда әуелі ол сізге не үшін қажет екенін білген жөн. Мысалы, студентке күнде алып жүру үшін ноутбук жеңіл болуы керек. Ал программиске процессордың жақсы жұмыс істеуі, график маманға клавиатура мен тінтуірдің сапасы маңызды. Моделінің жаңалығына немесе дүкен жасаған жеңілдікке мән бермеу қажет. Себеі ол ноутбуктың сапасына кепілдік бермейді, — дейді ол.

Ноутбуктың сапалы бөлшектерін қалай таңдау керек?

  • Дисплейноутбук сатып аларда ең бірінші назар аудару қажет нәрсе. Қазір экран диагоналі — 13-17 дюйм, 3840×2160 пиксель ноутбук моделі бар. Стандарт ноутбуктың экран диагоналі — 15,6 дюйм, 1366х750 немесе 1920х1080 пиксель. Пиксель неғұрлым көп болса, ноутбуктағы сурет немесе құжат соғұрлым анық көрінеді. Сонымен қатар экранның матрицасына назар аудару қажет. Өйткені ол экрандағы мультимедианың түс қанықтығына жауап береді.
  • Процессор — ноутбуктың жүрегі. Ол тікелей құрылғының жұмыс істеуіне жауап береді. Сондықтан қуатты процессоры бар ноутбук таңдаған жөн. Қазір сегменттегі Intel i3 екі немесе төртядролы процессор смартфонның платформасына тең. AMD процессоры бюджетпен, мультимедиамен жұмыс істейтін адамға аса қажет. Себебі оның графика ядросы қуатты.
  • Видеокарта — ноутбукта дискрет және біріктірілген процессор бар. Студентке дискрет видеокартасы бар ноутбук сатып алған жөн. Өйткені ол қуатты болғандықтан бірнеше жыл жұмыс істейді.
  • Жады — екі түрі бар. Тұрақты (ROM) және оператив (RAM). Оператив жадының көлемі — 4-5 Гб. Егер күрделі операция орындау қажет болса, 8-16 Гб RAM таңдау қажет. Студентте құжат пен мультимедиа материалы көп болғандықтан ішкі жинақтағышының көлемі ROM 500 Гб болатын ноутбук таңдау қажет.
  • Дербес жұмыс уақыты әр ноутбук моделінің сипаттамасында жазылады. Студентте ылғи ток көзіне қосу мүмкіндігі бола бермейтіндіктен дербес жұмыс уақыты ұзақ сақталатын ноутбук сатып алу керек.