Басты бет Жаңалықтар 18 шілдеде қай өңірлерде жауын-шашын болады?

18 шілдеде қай өңірлерде жауын-шашын болады?

18 шілдеде антициклонның ықпалынан республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Шілде, жаңбыр. Фото: Goldvoice.club

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында және шығысында атмосфера фронттарының өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе (40-45 градус), Жамбыл, Атырау (35-39 градус), Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан (36 градус) облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version