Басты бет Жаңалықтар Аптап пен аңызақ. 17 шілдедегі ауа райына болжам

Аптап пен аңызақ. 17 шілдедегі ауа райына болжам

17 шілдеде Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын болмайды. Батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік өңірлердің кей жерлерінде ғана аздаған жаңбыр жауады. 

Фото: Mymcmedia.org

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, сәрсенбіде Қызылорда облысында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Павлодар облысында да 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында секундына 23 метрге жететін жел соғады, тұман түседі. Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл (41 градус), Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан (40-44 градус), Маңғыстау, Қостанай (35 градус), Қызылорда (40-45 градус) облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version