Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда күн тағы да 45 градусқа дейін ысиды

Қазақстанда күн тағы да 45 градусқа дейін ысиды

"Қазгидромет" РМК мамандары 18-20 шілде күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Фото: Google.Images

Синоптиктердің болжамына қарағанда алдағы күндері оңтүстік-батыс тропосфера ағындары арқылы (5 шақырым биіктікте) республиканың оңтүстік облыстарына Иран аумағынан тағы да ыстық ауа массалары келіп түседі.

Ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша алдағы үш тәулікте ештеңе өзгермейді, республиканың оңтүстік облыстарында 35-40, кей жерлерінде 45 градус қатты ыстық болады. Ал Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғал ауа түсе бастап, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және ыстық бәсеңдейді, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Еске салайық, синоптиктер бұған дейін де Қазақстанда аптаптың әзір басылмайтынын болжаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version