Басты бет Қоғам Аптапқа не себеп болды? Алдағы күндері температура төмендей ме?

Аптапқа не себеп болды? Алдағы күндері температура төмендей ме?

Қазақстанда күннің қатты ыстық болуына Ирак пен Иран аумағынан үздіксіз жетіп жатқан ыстық және құрғақ ауа себеп. Бұл туралы "Қазгидромет" кәсіпорнының синоптиктері хабарлады. 

Фото: City.sigmalive.com

Мамандар 13-15 шілде күндері еліміздің аумағында ауа температурасы қалай өзгеруі мүмкін екенін хабарлады.

Демалыс күндері республиканың көптеген облысында температурасы 35-40 градусқа дейін жоғарылайтын ыстық болады. Қазақстанның оңтүстігінде күн бұдан да қатты ысиды, күндіз 40-45 градус болады. Шығыста салқындау болады, жекелеген аудандарда өткінші жаңбыр жаууы мүмкін және күндізгі температура 25-35 градустан жоғарылайды, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Сонымен бірге Қазақстанның қиыр батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады және аптаптың беті қайтады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version