«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, сәрсенбіде Қызылорда облысында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Павлодар облысында да 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында секундына 23 метрге жететін жел соғады, тұман түседі. Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады.
Алматы, Жамбыл (41 градус), Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан (40-44 градус), Маңғыстау, Қостанай (35 градус), Қызылорда (40-45 градус) облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.