Ресейдің «Муз-ТВ» ұлттық музыкалық арнасының бас директоры Арман Дәулетияров Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челленджді Қазақстан композиторы, әнші, продюсер Ренат Гайсин мен әнші Нұрболат Абдуллиннен қабылдады. Ол ақынның «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін қазақ және орыс тілдерінде оқыды.

View this post on Instagram

Я с большой радостью принимаю эстафету здесь, в России, от Рената Гайсина @gaissin и Нурболота Абдуллина @nurbullin, посвящённую дню рождения нашего великого казахского поэта Абайя Кунанбаева. И передаю её Валерии @valeriya, Иосифу Пригожину @prigozhin_iosif, Евгению Плющенко @plushenkoofficial, Яне Рудковской @rudkovskayaofficial, в Казахстан Алтаю Кульгинову @altay_kulginov_official, Бауыржану Байбекову @baibekbk #Россия # Москва #Казахстан #Нурсултан #Алматы #АрманДавлетяров #Стихи #Абай175 #Эстафета #АбайКунанбаев

A post shared by Arman Davletyarov (@arman_dav) on

Әнші, Ресейдің халық артисі Валерия «He упивайся праздной красотой» өлеңінен үзінді оқып берді. Ол эстафетаны ары қарай тележүргізуші Лера Кудрявцеваға жолдады.  Лера Кудрявцева әзірше бұл эстафетаны қолдай қойған жоқ.

Ресейдің музыка продюсері Иосиф Пригожин де эстафетаны Арман Дәулетияровтан қабылдады. Ол Абайдың «Будь разборчив в пути своем» («Әсемпаз болма әрнеге») өлеңін оқыды.

A’Studio тобының негізін қалаушы, композитор Байғали Серкебаев «Тем, кто льстит, не доверяйся никогда» («Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап») өлеңінен үзінді оқыды. Оның бұл видеосына жазылушылары «Қазақша оқығаныңызда керемет болар еді» деп комментарий жазған.

Композитор, әнші, продюсер, Ресей мен Украинаның халық артисі Игорь Крутой Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға Ресейдің танымал тұлғаларының арасында алғашқылардың бірі болып қатысты. Ол бұл челленжді әнші Димаш Құдайбергеннен қабылдады. Композитор Абайдың «Пусть хладен будет ум твой, словно лед» («Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек») өлеңін оқып берді.

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов Абайдың 6-қара сөзін оқыды.

Айта кетейік, мұның алдында Абайдың 175 жылдығына арналған флешмобқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ол эстафетаны 9 жастағы оқушы Ләйлім-Шырақ Рысқалидан қабылдаған. Сонымен бірге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және басқалар бұл эстафетадан қалыс қалған жоқ. Димаш Құдайберген де Абайдың өлеңін оқып, челленджді фанаттарына жолдады. Әншінің әлемнің әр түкпіріндегі жанкүйерлері Абай өлеңдерін қазақша оқып жатыр.

View this post on Instagram

Dimash chalenge

A post shared by Dajana (@dajana.mili) on

 

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!