Димаш Құдайберген жайлы қаншалықты көп білесіз?

Бірегей дауысты әнші 25 жасқа толды. Димаш Құдайбергеннің өмірі мен кәсіби музыкадағы жолы жайлы қаншалықты білесіз? Сұрақтарға жауап беріп, Димаш әлеміне қатысты танымыңызды сынап көріңіз.

0%

Димаш Құдайберген терме тыңдағанды жақсы көреді. Әнші терме орындай ала ма?

Дұрыс! Қате!

Димаш төрт жыл бұрынғы сұхбатында күнде терме тыңдайтынын, бірақ орындау қолынан келмейтінін айтқан.

2016 жылы Димаш еліміздің қай әншісімен бірге дуэт жазды?

Дұрыс! Қате!

Димаш Құдайберген 2016 жылы танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызымен "Аққуым" әніне дуэт жазды.

Димаш мектепте қандай спортпен шұғылданды?

Дұрыс! Қате!

Димаш Құдайберген бала күнінде футбол ойнап, таэквондоға, суға жүзуге қатысқан.

Димаш Құдайберген I am Singer байқауының 6-кезеңінде қандай ән орындады? Есіңізде ме?

Дұрыс! Қате!

Димаш Құдайберген I am Singer байқауының 6-кезеңінде Ремо Джадзоттоның Adagio әнін орындады.

Қытайдың QQ iTunes чартында Димаштың қай әні бірінші орында болды?

Дұрыс! Қате!

Қытайдың QQ iTunes чартында Димаштың орындауындағы қытайша "Мәңгі естеліктер" әні шыққан күні-ақ бірінші орында тұрды. Бұл ән - фэнтези жанрындағы "Естеліктер шайқасы" фильмінің саундтрегі.

Димаш Құдайберген "Славян базары" байқауына қай жылы қатысты?

Дұрыс! Қате!

Димаш Құдайберген 2015 жылы "Славян базары" байқауына қатысып, Гран-приді жеңіп алды.

2016 жылы "Бала дауысының" іріктеу кезеңінде Димаш Құдайберген қай облыстың қазылар алқасының құрамында болды?

Дұрыс! Қате!

2016 жылы "Бала дауысы" байқауының іріктеу кезеңінде Димаш Қостанай облысының бүлдіршіндеріне қазылық етті.

Димаш Құдайберген 2016 жылы Қазақстанды аралап, алғаш рет турне жасады. Сол кезде әнші еліміздің қанша өңіріне барды?

Дұрыс! Қате!

2016 жылы Димаш тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай еліміздің 25 өңірінде концерт қойды.

Димаштың алғашқы мини-альбомы қай жылы шықты?

Дұрыс! Қате!

Димаш Құдайберген өзінің алғашқы мини-альбомын 2016 жылы 1 қаңтарда шығарды.

Қытай бұқаралық ақпарат құралдары Димаш туралы не деп жазды?

Дұрыс! Қате!

I am Singer байқауы кезінде қытай басылымдары әнші туралы "Димаш - Тәңірі өзі назарына алған жас әнші" деп жазды. Бұл байқау Димашты әлемге танытты.

Димаш Құдайберген жайлы қаншалықты көп білесіз?
Керемет!

Жарайсың!

Димаш Құдайбергеннің нағыз жанкүйері екенсіз. Талантты қолдаудан шаршамаңыз!
Жарайсыз!

жақсы, жарайсың, керемет

Жаман емес!

тест жаман емес

Димаш Құдайберген туралы аз біледі екенсіз.

Әлеуметтік желіде бөлісу: