Басты бет Жаңалықтар 15 шілдеде қай өңірлерде қатты ыстық болады?

15 шілдеде қай өңірлерде қатты ыстық болады?

Антициклон ықпалында болатындықтан 15 шілдеде республиканың басым бөлігінде  жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Батыс, солтүстік-батыс өңірлерде ғана найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, дауыл тұрады. 

Фото: Apnews.com/Thibault Camus

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарында да 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола (35-38 градус), Алматы, Жамбыл (38-40 градус), Түркістан (40-44 градус), Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды (40 градус) облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы аптапқа Ирак пен Иран аумағынан үздіксіз жетіп жатқан ыстық әрі құрғақ ауа себеп екенін хабарлаған еді. Мамандар еліміздің батысында аптаптың беті қайтатынын болжады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version