Басты бет Жаңалықтар 45 градус. Қай өңірде ми қайнатар ыстық болады?

45 градус. Қай өңірде ми қайнатар ыстық болады?

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан басқа өңірлердің бәрінде қатты ыстық болады. Ең жоғары температура Қызылорда облысында байқалады - 45 градус.

Фото: Noi.md

12 шілдеде антициклон әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Батыс, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде ғана жаңбыр жауады, республиканың қиыр батысында дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, жұмада Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында дауыл тұрып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында 40-43 градус, Қызылорда облысында 45 градус, Солтүстік Қазақстан облысында 38 градус, Ақмола облысында 35-38 градус аптап болады.

Қызылорда, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.     

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version