Seedstars World TOUR байқауына 40-тан астам қазақстандық стартап тіркелді

2-3 шілдеде Astana Innovations Challenge аясында ұлттық стартап-жобалар байқауының ашылуы өтеді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты ашылуы Seedspace Nur-Sultan қалалық инновациялық орталығының алаңында өтеді.

Формат — халықаралық менторлармен білім беру сессиялары өткізілетін «инвестицияларға қалай дайын болу керек» буткэмп (How to get investment ready).

Байқауға 40-тан астам қазақстандық стартап тіркелді. Финалға шетелдік және жергілікті сарапшылардан менторлық қолдауға сенім артатын 10 команда шығады. Олар Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия (CEE Summit) елдерінің арасында Seedstars өңірлік саммиті байқауының келесі кезеңіне шығуға мүмкіндік алады.

Байқауда жүлделі орынға ие болған командалар Seedspace Nur-Sultan алаңында Investment Readiness Program-ға қосыла алады. Жеңімпаздар идеясын инвесторларға көрсетіп, менторлар мен кәсіпкерлер желісіне қол жеткізеді.

Байқау жеңімпаздары үшайлық Growth Program бағдарламасына түсіп, Seedstars Global Summit аясында жарты миллион АҚШ доллар бас жүлдесiне күресу мүмкіндігіне ие болады.

Іс-шара 2, 3 шілде күндері Сауран көшесі, 46 мекенжайында өтеді.