Нұр-Сұлтанда ұлттық стартап-жобалар конкурсы өтеді

Astana Innovations компаниясы Seedstars халықаралық бизнес-инкубаторымен және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Seedstars World TOUR ұлттық стартап-жобалар конкурсын өткізеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Малика Бектұрова хабарлады.

Іс-шараның форматы — How to get investment ready буткэмп, менторлары бар сессиялар. Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 финалист іріктеледі. Олар қазылар алқасы мен көрермендер алдында өз жобаларын таныстырады.

Малика Бектұрованың айтуынша, байқау жеңімпазы Seedstars CEE Summit қатысушысы болатынын айтты. Осы арқылы үшайлық Growth Program және Global Seedstars Summit бағдарламасына қатысуға болады. Бас жүлде — жарты миллион АҚШ доллар.

Seedstars Nur-Sultan финалистері Investment Readiness Program-ға қосыла алады. Ɵз идеяларын инвесторларға көрсетіп, әлемнің менторлары мен кәсіпкерлерінің желісіне кең қол жеткізе алады.

Өтінімдер мына сілтеме бойынша қабылданады. Өтетін орны: Hilton, Сауран көшесі, 46, Seedspace Nur-Sultan.