Қызмет көрсету көлемінің көп бөлігі спорт клубтарына тиесілі: бірінші тоқсанда 6,6 миллиард теңге болды. Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру сегментінде ел тұрғындарына мәдениет, демалыс және тақырыптық саябақтар көп қызмет көрсеткен — 2,9 миллиард теңге. Бірақ мұндай демалыс орындарының былтыр көрсеткен қызмет көлемі бұдан 29,1% көп болған.

Белсенді демалыс, ойын-сауық пен дене шынықтыру саласында биыл да родео мен тир қызметі өсіп отыр — 187,9 миллион теңге.

Маусым айының қорытындысы бойынша ойын-сауық саябақтары қызметі бір айда 0,4%, бір жылда 11,1% қымбаттаған. Спорт кешендері қызметінің бағасы бір жыл ішінде 7,6% өсті.

Еске салайық, бұған дейін Еnergyprom.kz мамандары Қазақстан азаматтарының родео мен тирді ойын-сауық пен демалыс түрі ретінде көп таңдайтынын хабарлаған еді. Родео — Солтүстік Америка халықтарының дәстүрлі спорты, оның кең тараған түрінің шарты: ковбой жабайы бұқаға немесе асау жылқыға мініп, оны түрткілей отырып, кем дегенде 8 секунд құламауға тырысуы керек. Соңғы кездері мұндай сайысқа жасанды бұқа — арнайы механизм қолданылады. Тир — атыс құралынан нысананы көздеп атуға арнайы жабдықталған спорт нысаны.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Ilias Sounas)