Алматыда «Мемлекеттік рәміздер елдігіміздің тұғыры» атты дөңгелек үстел өтті

Шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тілеуберді Бинашев, этнограф-ғалым Байахмет Жұмабайұлы, желтоқсан қайраткері Гүлбахрам Жүніс, өнертанушы, дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай, мәдениеттанушы Бердалы Оспан, ақын Мұратхан Шоқан және студенттер қатысты.

Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Оларды қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады, — деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.

Дөңгелек үстел «Менің Рәміздерім» атты патриоттық жобасы аясында ұйымдастырылды.  Жобаны Алматы қоғамдық даму басқармасы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі бірлесе іске асырады.

Жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың бойындағы руxани сезімін ояту мақсатында қолға алынған жоба аясында әлеуметтік желілерде арнайы топ құрылып, #МеніңРәміздерім xэштегі арқылы тақырыптық викторина мен эстафета жүргізілді.

Жоба аясында өткен шаралардың бірі — флэшмоб-акция. Оған 250-ге жуық студент қатысты. Акция ҚР Тұңғыш Президенті саябағында, Арбатта, Республика сарайының алдындағы Абай алаңында және Аxмет Байтұрсынұлы мұражайында өтті.

Алдағы уақытта жоба аясында тоғызға жуық семинар өткізу жоспарланды.