Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың үкіметтік емес ұйымдарының басшыларымен кездесу барысында әлеуметтік-жауапты, күшті экономикалық, құқықтық мемлекет пен дамыған азаматтық қоғам құруда ортақ мақсаттарға жету үшін бірігіп жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу қажет екенін айтты.
Алматы қашанда үздік практиканы, жаңашыл жобалар мен азаматтық қоғам саласы кейстерін жүзеге асырудың басты тұғырнамасы болып келеді. Бүгін біз ҮЕҰ дамыту мен олардың тиімдігілін арттырудың «Жол картасын» жасау үшін жиналып отырмыз. Маған қоғамның өзекті мәселелерін бірігіп шешуде сіздер ұсынатын пікірлер мен тілектерді есту өте маңызды. Біз ашықпыз, қолжетімдіміз, қаланың барлық ҮЕҰ жұмыс істеуге дайынбыз. Сондықтан шешімін күткен басты міндеттерге, стратегияға, проблемалы мәселелерге мен үнемі айрышқа назар аударамын, — деді Алматы әкімі.
Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев ҮЕҰ мен қала басшылығының біріккен іс-қимылдарының перспективалы бағыттарының бірқатарын атап өтті. Осы ретте қала басшысы экология мен ауа сапасы тақырыбын көтерді.
Бұлардың қаланың барлық тұрғынын толғандыратынын білемін. Сондықтан қалалық ЖЭО-2 газға көшіру мәселесін жіті зерттеуді жоспарлаудамын. Осыған орай экология саласында қоршаған ортаның залалдануымен күресуде және қаланы жасылдандыруда қолдауларыңыз маңызды, — деді әкім.
Жиында қоғам қауіпсіздігін және тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділікті күшейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, оның ішінде ПИК-тер жұмысын жолға қою, қала бюджеті шығындарының жариялылығы, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, еңбекпен қамту, жастар демалысын ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер сөз болды.
Қазіргі кезде мегаполисте 4 мыңнан астам ҮЕҰ бар, олардың 1 мыңға жуығы ғана белсенді. Сонымен қатар қалада 45 жастар ұйымы, 170 діни бірлестік бар.