Жүрек ауруларын қалай емдеуге болады?

Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, миокард инфарктысы, т.б.

Жүрек қан тамырлары ауруларының түрлері қандай?

  • Жүрек қан тамырларының жарылуы – жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етіп отыратын қан тасымалдаушы тамырлардың зақымдалуы;
  • Бас қан тамырларының ауруы – миға қан тасымалдайтын тамырдың зақымдалуы;
  • Перифериялық артерия ауруы – аяқ пен қолға қан тасымалдайтын қан тасымалдаушы тамырлардың ауруы;
  • Ревмокардит – стрептокок бактерияларының ревматикалық шабуылының нәтижесінде жүрек бұлшық еті мен жүрек клапанының зақымдалуы;
  • Туа біткен жүрек ақауы – баланың дүниеге келген шағынан жүрегінің деформациялануы;
  • Терең тамырлардың тромбозы және өкпе эмболиясы – жүрек пен өкпеге жететін қанды тасымалдайтын аяқ қан тамырларында қанның ұйып қалуы;
  • Инфаркт пен инсульт, әдетте, жүрек пен миға баратын тамырлар бітеліп қалған кезде мазалайды.
©medinkur.ru

Жүрекке қан жетпеген жағдайда қандай аурулар пайда болады?

Жүрек қан тамырларының бұзылуы мынадай ауруға шалдықтырады.

Вена қан тамырларының кеңеюі

Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қан тамырлары кеңейеді. Сыртынан түйін-түйін болып көзге айқын білінеді. Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды.

Жүрек кемістігі

Жүрек кемістігі туа пайда болған және жүре пайда болған деп екіге бөлінеді. Туа пайда болған кемістік іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан туындайды. Ондай ақау жүректің жүрекшелерінде байқалады. Жүре пайда болған кемістік жұқпалы аурулардың әсерінен де болады.

Анемия (қаназдық)

Анемия — қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болады. Негізгі себептері: денеден көп қан кету, химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы, эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т.б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Осы себептен зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда, қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.

Ақ қан (лейкемия) ауруы

Ақ қан (лейкемия) ауруы лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады. Лейкоциттер эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.

©Massaget.kz

Жүрек ауруының белгілері қалай білінеді?

Жүрек ауруларының алғашқы ескертуі ретінде инфаркт пен инсультты атауға болады. Науқаста бастапқыда мынадай белгілер байқалуы мүмкін.

  • кеуде жасушалары ауырып, жайсыз сезім болады;
  • қол мен сол жақ иық ауырып, шынтақ, жақ немесе арқада жағымсыз сезім пайда болады;
  • кейде бет жансызданады, көзі көрмей қалуы мүмкін;
  • бұдан басқа науқастың басы айналып, дем жетпей, жүрегі айниды.

Қандай факторлар әсер етеді?

  • Теледидар көру. Ұзақ уақыт теледидар алдында отыру жүрек ауруы және сал ауруына шалдықтырады.
  • Депрессия. Стресті, агрессивті және депрессияға жиі түсу жүрекке едәуір зиян тигізеді.
  • Қорылдау. Бұл ұйқы жайсыздығының жүрекке әсері екенін білдіреді.
  • Жалғыз өмір сүру. Айналадағы ортамен араласу адамның денсаулығына пайдалы.
  • Денеге шамадан артық күш салу. Спортпен шұғылдану кезінде денеге шамадан тым артық күш салу және толығымен тастап кету зиянды.
  • Спиртті ішімдік. Спиртті ішімдіктердің салдарынан пайда болатын артық салмақтар да жүрек саулығына кері әсер етеді.
  • Тым көп тамақтану. Күнделікті шекерлі сусындардың орнына қарапайым су ішу керек. Нан және ұн өнімдерін азайтқан дұрыс. Шекер, май және калория көлемі тым жоғары азықтардың құнарлығы төмен болады.
  • Темекі. Жүрек ауруының басты себебі — темекі шегу.
  • Тұз. Неғұрлым тамақта тұз көп тұтынылса, қан қысымы да арта түседі.

Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алу үшін:

Жүрек ауруының алдын алу үшін жеміс-жидек мен көкөністер жеу және диета сақтау маңызды.

Жүгіру, спорт

  • болмашы нәрсеге алаңдап, ашуланбаңыз,
  • жиі жүгіріп тұруды әдетке айналдырыңыз;
  • салмақ қоспауға және өз салмағыңызды сақтауға мән беріңіз;
  • тым ауыр, шаршататын жұмыстардан аулақ болыңыз;
  • уақытылы ұйқы және демалуды назардан тыс қалдырмаңыз;
  • күніне кем дегенде 10 минут таза ауада серуендеу пайдалы;
  • емделуі қажет тістерді емдетіңіз;
  • көп мөлшердегі майлы еттерді, сүтті тағамдарды тұтынбаңыз. Консерві, шұжық, сыр, маринадталған тағамдар, балық, шоколад сияқты азықтарды аз тұтыну қажет.

Жүрек ауруын өз бетімен үй жағдайында емдеуге болмайды. Кардиолог мамандардың айтуынша, бұл организмдегі басқа аурудың туындауына себепші болуы мүмкін. Сондықтан, әр 6 ай сайын жүрегіңізді тексертіп тұрған жөн.