Басты бетҚоғамАрыс арқылы...

Арыс арқылы өтетін пойыздардың қозғалысы қалпына келді

Арыс арқылы өтетін пойыздардың қозғалысы қалпына келді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Cервис және клиенттермен жұмыс департаментінің директоры Әлібек Сұлтанов хабарлады.

Оның айтуынша, жолаушылар тасымалын қалпына келтіру үшін барлық шара қолға алынды.

24 маусымда төтенше жағдай болды. Сол күндері үлкен жұмыс атқарылды, өйткені Арыс станциясы — Түркістан мен Шымкент бағытындағы маңызды торап. Қозғалыс тоқтатылған болатын. Жолаушылар тасымалын қалпына келтіру үшін барлық шара қолға алынды. Қазір пойыздардың қозғалысы қалпына келді. Бүгін сағат 12.00-ден кейін Сарыағаш-Арыс, таңертең Шымкент-Арыс және Арыс-Түркістан бағытындағы пойыздар қозғалысы қалпына келді, — деді Әлібек Сұлтанов.

24 маусымда Арыстағы әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында Шымкент — Арыс — Тимур бағытындағы 13 пойыздың қозғалысын уақытша тоқтатты.