Қазақстанда «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында Қазақстанда «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Акцияны «Хабар» және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетті.

Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударады. Бұл бастамаға депутаттар да қосылған.

Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері мен еріктілер апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге белсенді атсалысып жатыр. Бұған дейін  тұрғындар өз бетімен эвакуцияланғандарға 3 мың құты су таратқан. Шымкентте гуманитарлық көмек жинайтын пункт ашылды, — деді ассамбелеяның мүшесі Әскер Периеев.

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру үшін облыс әкімдігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоратив әлеуметтік даму қорына хабарласуға болады.

«Түркістан» корпоратив әлеуметтік даму қорының реквизиттері:

Түркістан облысы Түркістан қаласы Қызылорда тас жолы, 34А

Индекс 161200

БСН (БИН) 100440016000

ForteBank АҚ-ның Түркістандағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Бүгін, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жарылыс салдарынан бір адамның қайтыс болғанын, 31 адамның зардап шеккенін хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыста болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына өзі ұшып барды.

ДереккөзInform.kz