Басты бетҚоғамАрыстағы жарылыс....

Арыстағы жарылыс. Науқастарға 200-ден аса орын дайындалды

Қазіргі уақытта Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден аса науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкентке кірер үш жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстың әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

24  маусым күні сағат 9.20-да Төтенше жағдайлар комитеті өртке қарсы қызмет бөліміне Арыстағы №44856 әскери бөлім территориясының қоймасында жарылыс болып, өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Оқиғаға байланысты Шымкент төтенше жағдайлар департаментінде “Қауырт желісі” жұмыс істейді. Тәулік бойы 8 7252 44 94 72 немесе 8 7252 35 33 66 телефон нөмірі бойынша ақпарат алуға болады.

ДереккөзTengrinews.kz