Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халыққа есеп берді. Оның айтуынша, халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілді.
Өткен жылдан бері қазақ тіліне аударылған 3 мыңнан астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді. Олардың 300-ге жуығы – халықаралық термин. Мысалы, «мұражай» деген сөз «музей» болып бекітілді. «Мұрағат» — «архив» және тағы басқалары, — деді министр Ақтоты Райымқұлова.
Сонымен бірге Termincom.kz сайтының негізінде терминологияның қазіргі жағдайы мен негізгі қағидалары туралы ақпараттандыру үшін электрон платформа іске қосылып жатыр.
Министрдің айтуынша, Үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның жұмысы аясында орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде объектілер мен елдімекендердің атауларына өзгертулер енгізілген.
Қайта қаралып, өзгертілген сөздердің арасында «пайыз» — «процент», «сынып» — «класс», «мейрамхана» – «ресторан» секілді көпшіліктің сөздік қорына сіңісіп кеткен сөздер де бар.