Алматыда «Болат Тұрлыханов кубогы» халықаралық турнирі аяқталды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде грек-рим күресінен «Болат Тұрлыханов кубогы» халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы сапында 19 балуан бақ сынап, олардың 3-еуі ғана жүлделі орынға ие болды.

Нақтырақ айтсақ, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Айдос Сұлтанғали финалда Ираннан келген Али Реза Нежатимен кездесуі тиіс еді. Алайда жерлесіміз жарақат алуына байланысты соңғы айқасқа шыға алмады. Нәтижесінде кездесу ирандық спортшының пайдасына шешілді. Бұл салмақта үшінші орын ресейлік Мингиян Семенов пен өзбекстандық балуан Исламжан Бахрамовқа бұйырды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жүлдері орындар:

  1. Али Реза Нежати (Иран)
  2. Айдос Сұлтанғали (Қазақстан)
  3. Исломжон Бахромов (Өзбекстан), Мингян Семенов (Ресей)

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша ресейлік Заур Кабалоев үздік атанды. Спортшының грузиялық қарсыласы Шмаги Болквадзе финалдық күресте жарыстан шығып қалды. Бұл салмақтың үшінші орны ирандық Мохамед Резаи мен өзбекстандық Арам Варданянға бұйырды.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша орындар:

  1. Заур Кабалоев (Ресей)
  2. Шмаги Болквадзе (Грузия)
  3. Мохамед Резаи (Иран), Арам Варданян (Өзбекстан)

77 келіге дейінгі салмақта қазақстандық балуан Асхат Ділмұхамедов алтын медальді иеленді. Ол финалда ресейлік әлем чемпионы Александр Чехиркинді 4:1 есебімен жеңді. Ал қола медальді қазақстандық балуан Асхат Жаңбыров, ресейлік Рамазан Абашараев өзара бөлісті. Ал Темірлан Шадукаев турнирдің бесінші орнынан көрінді.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша орындар:

  1. Асхат Ділмұхамбетов (Қазақстан)
  2. Александр Чехиркин (Ресей)
  3. Асхат Жаңбыров (Қазақстан), Пежман Поштам (Иран)

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

Бұл салмақта жеңіс ресейлік балуан Бекхан Оздоев жеңіске бұйырды. Жерлесіміз Азамат Құстыбаев жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.

  1. Бекхан Оздоев (Ресей)
  2. Рамин Танерисартанг (Иран)
  3. Радик Кулиев (Беларусь), Микалай Стадуб (Беларусь)

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

Аталған салмақ дәрежесінде Армениядан келген Артур Александрян ресейлік Александр Головинді ұтты. Үшінші орын Ресей елінің қос балуаны Никита Мельников пен Данила Сотниковқа бұйырды.

  1. Артур Алексанян (Армения)
  2. Александр Головин (Ресей)
  3. Данила Сотников (Ресей), Никита Мельников (Ресей)

Аса ауыр салмақ дәрежесінде (130 келіге дейін) белоруссиялық Кирилл Хришанка ресейлік Виталий Щурды жеңіп, алтын медаль иегері болды. Бұл салмақта күміс жүлде Ираннан келген балуан Шахаб Муртазаның еншісінде қалды. Қола жүлдені грузиялық Якоб Каджая иеленді. Себебі қазақстандық балуан Мансұр Шадукаев бұл сынға шықпады.

130 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша орындар:

  1. Кирилл Хришчанка (Беларусь)
  2. Виталий Щур (Ресей)
  3. Якоб Каджая (Грузия), Шахаб Муртаза (Иран)

Жеңімпаздарға 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы табысталды. Күміс жүлдегерлер 2000 доллар, қола жүлдегерлер 1000 долларға ие болды.