Қазақ балуаны Дәулет Ниязбеков еркін күрестен 2 дүркін Азия чемпионы атанды (видео)

Отандасымыз финалда Иран палуаны Бехнам Ихсанпурды 10:0 есебімен ұтып, айқын басымдық танытты. Дәулет өткен жылы да Дохада өткен Азия чемпионатының шешуші белдесуінде дәл осы ирандық палуанмен кездесіп, жеңіске жеткенін атап өткен жөн.Осымен аталған сайыста Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсіп отыр. Бұған дейін грек-рим күресінен 75 килода ел намысын қорғаған Досжан Қартықов Азия чемпионы атанған болатын.

Сондай-ақ, «классик» палуандардан Асхат Жаңбыров (66 кг) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Мейрамбек Айнағұлов (59 кг), Дархан Баяхметов (71 кг), Асхат Ділмұхамедов (80 кг) және Дамир Күзембаев (130 кг) қола медальді мойындарына тақты.

Әйелдер күресінде қазақстандықтар сапынан Ирина Борисова (48 кг), Эльмира Сыздықова (69 кг) және Айым Әбділдина (58 кг) – «күміс», ал Мәдина Бақбергенова (60 кг) мен Гүлмарал Еркебаева (75 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.Ал еркін күрестен Нұрлан Бекжанов (65 кг), Жігер Зәкіров (74 кг) және Дәулет Шабанбай (125 кг) Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанса, Аслан Кахидзе (86 кг) мен Бақдәулет Әлментай (97 кг) қоржынға қола медаль салды.

Дереккөзegemen.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ыстық күннен қалай қорғанамыз? Түрлі ел тұрғындарының 5 әдісі

Жаз - сөмкеңізді жинап, түрлі шытырман оқиғаға жол тартатын уақыт. Дегенмен биылғы бұл маусым ыстық болатын сияқты. Сол себепті ыстық күннен қорғанудың ең қарапайым бес әдісін ұсынамыз.

ҰҚК екі айда 40-тан аса қару-жарақ тәркіледі

Сәуір және мамыр айларында ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірге қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Антикор Нұржан Әлтаевтың ұсталуына қатысты пікір айтты

7 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижесінде экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады.

Тұрғылықты жері бойынша мобайл қолданба арқылы тіркелуге болады

Қазақстанда банктің мобайл қолданбасы арқылы тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркелуге болады. 

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Таиландта қаза болған екі қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі

Таиландта қаза болған екі қазақстандықтың денесі жақын арада елге жеткізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.