Басты бетTengri Ultra...

Tengri Ultra — 2019 марафонына қатысуға 25 елден ұсыныс түскен

Марафонға қатысуға әлемнің 25 елінен ұсыныс түскен. Қатысушылар скандинавиялық жүріс техникасы бойынша жүру және 3,5 шақырым аралығында кани-кросс, яғни итпен жүгіру бойынша да бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Ресейден келген Марина Әбілдаева тәж қашықтығындағы Ultra 70 бойынша рекорд жасады. Осылайша ол өзінің былтырғы көрсеткішін жаңартты. Жалпы есеп бойынша:

  • бірінші орын Ресейден келген Марина Әбілдаева (уақыт: 06 сағат 52 мин 53 секунд);
  • екінші орын Украинадан келген Оксана Рябова (уақыт: 07 сағат 02 мин 15 секунд);
  • үшінші орын Ұлыбританиядан келген Джо Мекке (уақыт: 07 сағат 17мин 52 секунд) тиесілі болды.

Sprint 15 қашықтығында украиналық Анастасия Чёрная жолда жүгіріп өту бойынша жаңа рекорд орнатты. Оның уақыты — 01 сағат 02 мин 59 секунд.

Ұлыбританиялық ScottRunning командасының ойыншысы, кәсіпқой спортшы Джо Мек, Tengri Ultra — 2019 марафонының жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанына риза екенін білдірді. Жарыстың International Trail Running Association талаптары бойынша әлемдік стандарттарға да сай екенін атап өтті.

Еуропадағы, Солтүстік Америкадағы және Азиядағы көптеген елде өткен марафондарға қатыстым. Соның ішінде бұл — Қазақстанға алғаш келуім. Tengri Ultra — 2019 марафонына қатысып, әйелдер арасындағы есептік көрсеткіш бойынша үшінші орын алдым. Бұл — өте жарқын жарыстың бірі, қатысушылардың барлығы белсенді әрі жақсы дайындалған. Бәрінен бұрын маған 70 шақырым қашықтықта орналасқан ландшафт көрінісі қатты ұнады, — дейді Джо Мек.