Easyten қосымшасымен күніне 5 минутта 10 сөз жаттауға болады. Сонда аптасына 70, айына 300, жылына 3650 сөз жаттайсыз. Бір жылда сөздік қорыңыз кем дегенде 3000 сөзбен толығады.

Мобайл қосымша

Қосымшада қандай функциялар бар?

  • Ағылшын тілімен қатар неміс, француз, испан, итальян, португал тілін үйренуге;
  • Кез келген деңгейді таңдауға;
  • Сөзді дұрыс айтуға;
  • Біліміңізді тест арқылы тексеруге;
  • Прогресс нәтижесін күнтізбеге қарап, білуге болады.

Easyten қосымшасының «Apple редакциясының таңдауы» (2014-2015 жылдары) мен Best new App (2014 жылы) деген марапаттары бар.

listeningDrill — шет тілін тыңдау арқылы дамытуға болатын қосымша. Қолданушылар mp4, mov, mph, 3gp, mp3 бағытында субтитрі бар TED видеоларды көре алады.

Мобайл қосымша

Қосымшада қандай функциялар бар?

  • TED видео;
  • Тегін аудиокітап;
  • Видео мен аудио жүктеуге болады.

Қосымша арқылы ағылшын тілімен қатар, қытай, жапон, испан, португаль, корей тілін үйренуге болады.

 

learn english by listening — алты деңгейді үйрететін аудиокурс қосымша. Жас шектеуі: төрт жас.

Қосымшада қандай функциялар бар?

  • Тіл үйрену үшін 1500 жуық мақаланы оқуға;
  • Деңгей бойынша бөлінген тапсырмаларды орындауға;
  • Түсінбеген тақырыпты аудармамен тыңдауға болады.

 

ListenUp — The English Challenge — әлемнің әр түкпірінен адамдармен сөйлесіп, сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы келесі деңгейге өтуге болатын қосымша.

Фото: Apple

Қосымшада қандай функциялар бар?

  • АҚШ, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Пәкістан сияқты мемлекеттердің спикерлерін тыңдап, мәдениетімен танысуға;
  • Жетістіктеріңізді Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріне бөлісуге болады.

Hello talk — чат арқылы ағылшын тілін білетін адамдармен сөйлесетін қосымша.

Қосымшада қандай функциялар бар?

  • Хат, аудио, видеомен хабарласуға;
  • Сөйлеу деңгейіңізді бөлісуге;
  • Ағылшын тілімен қатар басқа шет тілдерін үйренуге болады.