Түркі тілдес елдердің жайдарманшылары Нұр-Cұлтанда өнер көрсетті

Жақында «Нұр-Сұлтан қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі дәстүрлі «Жайдарман» фестивалін ұйымдастырды. Көрші мемлекет жайдарманшыларын қонақ ететін бұл жобаға қатысушылар саны артып келеді.

Халықаралық фестиваль үш күнге созылды. Алғашқы күні сайысқа қатысатын топтарды бір-бірімен жақын таныстыру үшін фестивальдің ашылу салтанаты өтті. Жастар сарайында белгілі жайдарманшылардың жүргізуімен концерттік бағдарлама қойылды.

Ал екінші күні шетелден келген ойыншыларға Нұр-Сұлтанда арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Олар қалада орналасқан ғимараттар мен музейлерді,  Бәйтерек пен EXPO кешендерін және театрларды аралады. Қонақтарға қазақ елінің тарихы және салт-дәстүрі туралы мағлұмат айтылды.

Фестивалдің  үшінші күні түркі тілдес мемлекеттен келген командалар мен қазақстандық топтар сайысқа түсті. Ойын Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған барлығы 10 команда қатысты, оның 6-ы шетелдік, 4-і қазақстандық топ. Олар:

  1. «Қазақстан халқы ассамблеясының құрамасы» — Қазақстан, Нұр-Сұлтан;
  2. «Баян өлке құрамасы» — Моңғолия;
  3. «Біз қазақпыз» — Қазақстан, Екібастұз;
  4. «Қарақалпақстан құрамасы» — Өзбекстан, Нөкіс;
  5. «Башқұртстан құрамасы» — Ресей Федерациясы, Уфа;
  6. «Ноғай құрамасы — Алтын орда», Ресей Федерациясы, Ноғай ауданы:
  7.  «Бүгін.kz» — Қазақстан, Шымкент;
  8. «Татарстан құрамасы» — Ресей Федерациясы, Қазан;
  9. «Миллион» — Қазақстан, Шымкент;
  10. «Позитифф» — Қырғызстан Республикасы, Бішкек;

Жайдарман

Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімі бойынша анықталды. Сайыстың нәтижесі төмендегідей болды:

3-орын: (150 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлық)

  • «Баян өлке құрамасы»;
  • «Қарақалпақстан құрамасы» ;
  • «Башқұртстан құрамасы».

2-орын: (300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлық)

  • «Позитифф»;
  • «Бүгін.kz».

1-орын: (1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйлық)

  • «Ноғай құрамасы — Алтын орда».

Жайдарман

«Татарстан құрамасының» ойыншысы — Наиль  Салаxов «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.