Басты бет Жаңалықтар Қазақстанға Баренц аймағынан жаңбыр мен жел келеді

Қазақстанға Баренц аймағынан жаңбыр мен жел келеді

"Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары 6-8 маусым күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Фото: 52.mchs.gov.ru

Синоптиктердің болжамына қарағанда Қазақстанға тропосфера ағындарымен бірге Баренц теңізі аймағынан тағы да дымқыл әрі салқын ауа келеді.

Сондықтан Қазақстанның көп облысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады және ұйтқыма жел соғады. Республикамыздың солтүстік жартысында жоғарғы циклонның ықпалынан кей жерлерде толассыз жаңбыр жауады. Ауа температурасы төмендеп, орташа көпжылдық шамадан 2-5 градусқа төмен болады. Ал батыстағы облыстарға жоғарғы атмосфера қысымы таралып, соның әсерінен жауын-шашын болмай, температура климат нормасына жақындайды, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version