Басты бет Жаңалықтар Демалыс күндері жаңбырлы әрі суық болады

Демалыс күндері жаңбырлы әрі суық болады

Солтүстік Оралдан суық әрі ылғал ауа массалары келеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта толассыз жаңбыр жауады.

Фото: Fonwall.ru

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 18-20 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, көпжылдық климат мәліметі бойынша 17-20 мамыр аралығында Қазақстанға Солтүстік Оралдан суық және ылғал ауа массаларының келуі жиі байқалады. Алдағы демалыс күндері де Оралдан келетін суық атмосфера фронттарының әсерінен республиканың көптеген аймағында жаңбыр жауып, температура тағы төмендейді.

Сенбі күні оңтүстікте, жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбі күні солтүстік пен орталықтың кей жерлерінде нөсер жаууы ықтимал. Республиканың батысына Ресейдің Еуропа бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашын тоқтап, солтүстіктің тропосфера ағындары ауа температурасын төмендетеді, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version