Басты бет Жаңалықтар Мамырдың соңғы күндері ыстық болғанымен өткінші жаңбыр жауады

Мамырдың соңғы күндері ыстық болғанымен өткінші жаңбыр жауады

Батыста белсенді циклон құйыны қалыптасып отыр, соның салдарынан бұл аймақта жаңбыр жауады, кейін бұл құйын басқа өңірлер арқылы шығысқа қарай ауысады.

Фото: Reuters.com

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 28-30 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда көктемнің соңғы күндерінде Қазақстанның көптеген облысында температура жоғарылайды, бірақ жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғады.

Алдағы тәуліктерде солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын болмағанымен батыста белсенді циклон құйыны қалыптасып отыр, соның салдарынан бұл аймақта жаңбыр жауады, ал оның шығысқа қарай ығысуымен бірге республиканың қалған аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version