Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 85 жылдық мерейтойына орай 29 мамырдан 2 маусымға дейін Опера және балет фестивалін өткізіп жатыр.

«Опера Арнау». Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Фестивальдің мақсаты — ұлттық және шетелдік опера және балет классикаларын насихаттау, Қазақстан халықтарының музыка дәстүрін сақтау және дамыту. Мерекелік шараның бағдарламасында театр репертуарының алтын қорын құрайтын, ондаған жыл бойы көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болған қойылымдар, арнайы лекторийлер жаңа жобалар бар.

29 мамырда Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы қойылды. Операда Қазақстан және Татарстан Республикаларының халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз меценаттар сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева өнер көрсетті. Кеш халықаралық байқаулардың лауреаты Ерболат Ахмедьяровтың дирижерлығымен өтті.

30 мамырда Сергей Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеті қойылды. Дирижеры — АҚШ-тан келген қонақ Дориан Уилсон. Ол әр жылы маэстро Белград филармония оркестрімен, Француз ұлттық оркестрімен, Дат радиосының симфония оркестрімен, Берлин симфония оркестрімен, Берлин неміс және комикстер операсымен, Швецияның Корольдік опера және Үлкен Бордо театрымен бірге жұмыс істеген. Солистер — Дмитрий Сушков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Жанель Түкеева және Азамат Асқаров.

Балет премьерасы
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

31 мамырда сағат 19.00-де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Ләйлім Иманғазинаның қойылымындағы Жорж Бизенің «Кармен» операсы өтеді. Хозенің партиясын Египет операсының солисі Ханни Абдельхазер орындайды. Ол Гаэтано Доницеттидің «Махаббат сусынындағы» Неморино, Вольфганг Амадей Моцарттың «Сиқырлы сыбызғы» операсындағы Тамино, Жорж Бизенің «Карменіндегі» Хозе, Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсындағы Калаф, Джузеппе Вердидің «Травиатасындағы» Альфредо және тағы басқа партияларымен танымал.

Фестиваль аясында қойылатын «Кармен» операсына Кристофер Окейсек дирижерлық етеді. Музыка өнерінің әлемдік шыңына бірден шыққан талантты дирижер, Кристофер шетелдік көрермендерге жарқын, өзіндік стилі қалыптасқан, бар ықыласымен әуенді терең сезінетін музыкант ретінде танымал. Әр жылы қазіргі заманның көрнекті артистері — Пласидо Доминго, Эрмонела Яхо, Артуро Чакон-Крус, Майкл Фабиано және Карине Бабаджанянмен бірге жұмыс істеген.

Кристофер Окейсек. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1 маусымда сағат 18.00-де Мария театрының солистері Оксана Скорик және Ресейдің еңбек сіңірген артисі Евгений Иванченконың қатысуымен Петр Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті қойылады. Дирижер — Астана-опера театрының маманы Арман Оразғалиев. Қойылым басталмас бұрын сағат 16.00-де көрермендер үшін «Аққу көлінің құпиясы» тақырыбында лекторий өтеді. Лектор – балет сыншысы және «Қазіргі заманғы хореография орталығы» қоғамдық қорының директоры Флюра Мусина.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

2 маусым сағат 18.00-де гала-концерт өтеді. Мерейтой концертіне опера және балеттің жетекші солистері, Ерболат Ахмедьяровтың дирижерлығымен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының хор мен симфония оркестрі қатысады. Сонымен бірге фестиваль қонақтары Нұржамал Үсембаева, ҚР халық артисі Майра Мұхамедқызы, Армения халық артисі Барсег Туманян, Беларусия опера және балет Үлкен театрының солисі Клавдия Потемкина, Мысыр ұлттық операсының солисі Ханни Абдельзахер қатысады. Гала-концерттің режиссеры — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ләйлім Иманғазина.

2 маусымда сағат 12.00-де фестиваль аясында театр солистері мен фестиваль қонақтарының қатысуымен «Завтрак со смыслом» атты жаңа жоба өтеді. Қатысушылар сүйікті артистерімен жақынырақ танысып, сырлы сұхбат ұйымдастырып, фестивальден алған әсерлерін бөлісе алады.

Бұл жобада театрсүйер қауымды біздің солистермен, артистермен, дирижерлармен, режиссерлармен таныстырамыз. Біздің вектор — классикалық биік мәдениет. Ал шығармашылықтың адамдары осы мәдениетке әкелетін көпір тәріздес. Олар қарапайым адам болғанымен жан-дүниесі керемет өнерге толы жандар. «Завтрак со смыслом» сияқты жанды жоба кемде-кем. Сол себепті кез келген мерекелік шарадан кейін көрермендердің артистермен тілдесуіне, көптеген сұраққа жауап алуына мүмкіндік беру маңызды, — дейді Абай атындағы ҚМАОБТ-тың директоры Ая Қалиева.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Фестиваль Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасының аясында өтеді.