Басты бетЭкономикаТрактор өндірісі...

Трактор өндірісі артқанымен ішкі нарық сұранысы толық өтелмей отыр

Трактор өндірісі бір жылда 3,3 есе артқан. Бір жыл бұрын бар болғаны 65 техника өндірілген еді, сол кезде көрсеткіш 2017 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 52%-ға аз болған.

Energyprom.kz мамандарының мәліметінше, республика бойынша ауыл шаруашылығы тракторларының 74,4%-ын, яғни көбін Шығыс Қазақстан облысы шығарады. Өңірде Семей автоқұрастыру зауыты бар. Тракторлардың 24,7%-ын Қостанай облысындағы «АгромашХолдинг KZ» АҚ өндірген. Бұл — Қазақстанда астық жинайтын ESSIL маркалы комбайн өндіретін жалғыз өнеркәсіп орны. 2019 жылдың мамыр айында компания Қытайдағы серіктестерімен бірге Қостанайда трактор шығаратын цехты ашты. Жобаның құны — 1,6 миллиард теңге. Цех жылына 3 мың тракторға дейін шығарады. Келесі жылы Қазақстанның тракторлары Ресейге, Тәжікстанға және Өзбекстанға экспортталады.

Energyprom.kz зерттеуіне қарағанда елімізде 2019 жылдың 1 тоқсанында трактор өндірісі 3 есе артқанымен ауыл шаруашылығына қажет мұндай техниканың 90,6%-ы шетелден алынып отыр.

Трактор өндірісі