Басты бетЖаңалықтарБатыста жаңбыр,...

Батыста жаңбыр, шығыста қар жауып, тағы бірнеше өңірде күн суиды

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамы бойынша Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел екпіні секундына 25 метрге жетеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында да 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түседі, жел күшейеді. Алматы облысында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда 2 градус, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында 3 градус, Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус ызғар болады. Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшейеді.