Басты бетЖаңалықтарСәрсенбідегі ауа...

Сәрсенбідегі ауа райы: жеті облыста бұршақ жаууы мүмкін

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Жамбыл облысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 23-28 м/с жел соғады. Алматы облысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 25 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында да найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады. Қарағанды облысында тұман түседі, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, күндіз өңірдің кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысында найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысында тұман түседі, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысында да 15-20 м/с жел соғады. Павлодар облысында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола, Павлодар облыстарында 1-6 градус, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтанда 3 градус, Ақтөбе облысында 1 градус ызғар болады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында күн ыстық болады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде дала өрт қаупі күшейеді. Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында өзендердің деңгейі көтеріледі.