Басты бет Жаңалықтар Оңтүстік циклонының ықпалынан күн райы бұзылады

Оңтүстік циклонының ықпалынан күн райы бұзылады

Өңірлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады, тұман түседі.

Фото: 52.mchs.gov.ru

13 мамырда Қазақстанның басым бөлігі онтүстік циклонының ықпалында болады, соған байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде атмосфера фронтал бөліктер өтеді, бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста дауыл тұрады, оңтүстікте шаң борайды, оңтүстік-батыста тұман түседі.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрады. Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Павлодар облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Атырау облысында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Ақтөбе облысында найзағай ойнайды, 18 м/с жел соғады. Қостанай облысында да найзағай ойнайды. Маңғыстау облысында тұман түседі.

Алматының төбесіндегі Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version