Басты бет Жаңалықтар Қар көшкіні: Алматы төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпауды ескертеді

Қар көшкіні: Алматы төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпауды ескертеді

Мамандардың хабарлауынша, 18 наурызға дейін Шымбұлақ, Медеу, Құмбел, Бутаковка шатқалдарына бармаған дұрыс.

Фото: Ttr.eyeni.biz

Алматы маңындағы таулы жерлерде қар көшкіні болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті қар басқан биіктіктерге шықпауды ескертеді.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар қызметі «Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметі негізінде ескерту жариялап отыр.

Күннің жылуына, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде (2 200 метрден төмен жоғары аймақта), яғни «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, Медеу, Құмбел (Алмарасан), Бутаковка шатқалдарының жоғарғы жағында қар көшкіні болуы мүмкін, — деп хабарлады мамандар.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті көшкін жүру қаупіне байланысты жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарына 18 наурызға дейін қарлы тік жартастарға көтерілмеуді ескертеді.

Тауда абай болыңыздар! — делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version