Басты бет Жаңалықтар 9 облыстың аумағында найзағай ойнайды

9 облыстың аумағында найзағай ойнайды

29 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады. "Қазгидрометтің" хабарлауынша, сонымен бірге көп өңірде тұман түседі, жел күшейеді, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. 

Фото: En.eyeni.biz

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында екпіні 23-28 м/с-ке жететін жел соғады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысында тұман түседі. Атырау облысында найзағай ойнап, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Батыс Қазақстан облысында 18-20 м/с жел соғады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтанда ескерту жарияланды.

Қостанай облысында жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, тұман түсіп, найзағай ойнайды. Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстарында 15-20 м/с жел соғады, күндіз найзағай ойнайды. Қызылорда облысында 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні болуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version