Ranking.kz мәліметінше, 2019 жылдың сәуірінде қой етінің келісі 1501,8 теңге болды, яғни бағасы бір айда 1,2%-ға, бір жылда 7,1%-ға өскен. Сиыр мен шошқа еті бір айда 0,8%-ға қымбаттады. Сиыр етінің келісі 1575,1 теңге және шошқа етінің келісі 1341,9 теңге болды. Бір жыл ішінде сиыр еті 5,3%-ға, шошқа еті 6,6%-ға қымбаттаған.

Жылқы еті бір айда 0,5%-ға ғана қымбаттады, келісі — 1789,4 теңге. Тауық етінің бағасы бір айда 0,4%-ға өсті (келісі — 853,2 теңге). 2018 жылдың сәуірімен салыстырғанда жылқы еті 9,1%-ға, тауық еті бірден 15%-ға қымбаттаған.

Басқа ет өнімдерінен салының келісі 1603 теңгеге дейін (1,4%-ға), сиыр бауыры 930,9 теңгеге дейін (1,1%-ға) көтерілді. Бір жыл ішінде салы 12,3%-ға, тауық саны 15,2%-ға қымбаттап отыр.

2018 жылы үй шаруашылықтарының ет пен ет өнімдеріне жұмсайтын ақшалай шығыны орташа есеппен жан басына шаққанда 91 мың теңге болды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға жоғары. Ет пен ет өнімдеріне кететін шығын, әсіресе, ауылдық жерлерде айтарлықтай өскен: 2017 жылғыдан 19,8%-ға көп — 73,8 мың теңге.

Үй шаруашылықтарының ет пен ет өнімдерін тұтынуы бір жылда 6,8%-ға артып (қалаларда 6,6%-ға, ауылдарда 7%-ға), 2018 жылы орташа есеппен жан басына шаққанда 77,9 келі болды. Жылқы етіне сұраныс жоғары болып тұр, тұтыну бір жылда 18,6%-ға, 4,6 келіге дейін, тауық етін тұтыну көлемі бір жылда 17,7%-ға, 4,2 келіге артқан.

Сиыр етін тұтыну көлемі бір жылда 3,8%-ға, 24,8 келіге дейін артты. Тартылған етті тұтыну бір жылда 26,1%-ға, 7,7 келіге дейін артты. Сиыр бауырын әр қазақстандық жылына орташа есеппен 0,9 келіге дейін жейді, тұтыну көлемі бір жылда 17,5%-ға өскен.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Sean Quinn)