Басты бет Жаңалықтар 4 мамырда еліміздің көп бөлігінде күн ашық болады

4 мамырда еліміздің көп бөлігінде күн ашық болады

4 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн жауын-шашынсыз болады, тек батыс, шығыс пен оңтүстік-шығыста аздаған жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жауады, шаң борайды.

Фото: Wawjol74.blogspot.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан облыстарында 25 м/с жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Атырау облысында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауады, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с соғады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар. Алматы облысы мен Алматының іргесіндегі өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version