Басты бет Жаңалықтар Синоптиктер бірнеше өңірде шаңды дауыл тұратынын хабарлады

Синоптиктер бірнеше өңірде шаңды дауыл тұратынын хабарлады

3 мамырда антициклонның ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Батыста, шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана аздаған жаңбыр жауады. Бүгін еліміздің кей өңірлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Шаңды дауыл. Фото: Novostipmr.com

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Жамбыл облысында тұман түседі, жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау облысында шаңды дауыл тұрады, 25 м/с жел соғады, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Қарағанды облысында тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады.

Алматы, Қостанай облыстарында 15-20 м/с жел соғып, тұман түседі. Батыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында да 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында күн тұманды болады.

Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында әлі де қар көшкіні қаупі бар. Алматы облысы мен Алматыға іргелес аумақтарда өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version