Басты бет Жаңалықтар Алматы төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпауды ескертеді

Алматы төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпауды ескертеді

Кіші Алматы өзені бассейнінде 21-22 ақпан күндері қар көшкіні жүруі мүмкін.

Фото: Ttr.eyeni.biz

Алматы төтенше жағдайлар департаменті 21-22 ақпан күндері таулы аймақтарға бармауды ескертеді.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК филиалының 2019 жылғы 21 ақпандағы №2 ескертуі бойынша жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Кіші Алматы су алабында 21-22 ақпан күндері қар көшкіні жүруі мүмкін.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда серуендеу және қарлы беткейлерде сырғанау өмірге қауіпті екенін ескертеді, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version