Басты бет Жаңалықтар Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады

Қазақстанның көп аймағында жаңбыр мен қар жауады, тұман түседі, жел күшейеді, күн күркіреп, дауыл тұрады, бірнеше облыстың аумағында бұршақ жаууы мүмкін.

Фото: B-port.com

1 мамырда еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстікте, орталықта және шығыста қар жауады, түнде сынап бағанасы 7-8 градус аязды көрсетеді. Өңірлерде тұман түседі, жел күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, температура түнде 3 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 20 градус жылыға дейін көтеріледі. Еліміздің батысында күн ашық болады, ауа температурасы 10-20 градус жылыға дейін жоғарылайды.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, дауыл тұрады, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы түнде 8 градус аязға дейін, күндіз 8 градус жылыға дейін төмендейді.

Қарағанды облысында да тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады, жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, өңірдің кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түседі, Ақмола облысында көктайғақ болады. Жамбыл облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version