Басты бет Жаңалықтар 15 наурыздағы ауа райы: солтүстікте боран, оңтүстік-батыста шаңды дауыл

15 наурыздағы ауа райы: солтүстікте боран, оңтүстік-батыста шаңды дауыл

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асады.

Фото: Ugra-news.ru

15 наурызда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соқса, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында екпіні 30 м/с және одан да асатын жел мен боран соғады, көктайғақ болады.

Қостанай облысында 25 м/с жел мен боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды, Павлодар облыстарында көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында да тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Алматы облысында жел екпіні 18-23 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, Ақтөбе облысында көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version