Басты бет Жаңалықтар 6 қараша күнгі ауа айы: екпінді жел мен жаяу бұрқасын

6 қараша күнгі ауа айы: екпінді жел мен жаяу бұрқасын

Маңғыстау облысында тұманға байланысты, Қостанай облысында көктайғақ, тұман, бұрқасын мен желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды.

Фото: Mordovmedia.ru

«Қазгидромет» РМК мамандары 6 қараша күнгі ауа райына болжам ұсынды.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және еліміздің қиыр батысында күн ашық болады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік-шығыста жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерінде түнде 15-20 м/с жел соғады. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қостанай облысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Атырау, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында күндіз жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version