Алматылықтар сайлаушылар тізімінде бар-жоғын Telegram арқылы біле алады

Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын Sailau_Almaty2019 Telegram-боты арқылы біле алады. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Sailau_Almaty2019 Telegram-боты (https://web.telegram.org/#/im?p=@Sailau_Almaty2019Bot) алматылықтарға өзін және жақындарын сайлаушылар тізімінен тексеруге, сонымен бірге сайлау учаскесінің мекенжайын білуге мүмкіндік береді. Чат-ботты пайдалану үшін Telegram-ның іздеу жолағына Sailau_Almaty2019 атауын жазып, қосылу керек және «старт» командасын басу қажет. ЖСН енгізілгеннен кейін виртуал көмекші сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын жібереді.

Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына +7 727 224 22 22 нөмірі арқылы хабарласып, кеңес алуға болады (сағат 08.00 — 23.00, демалыссыз).

Сонымен бірге Алматы әкімдігінің және Open Almaty қоғамдық қабылдауының сайттарында арнайы бөлім құрылды, оның көмегімен ЖСН енгізу арқылы өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексере аласыз.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.