Басты бет Жаңалықтар 25 сәуірде еліміздің көп өңірінде жел күшейіп, бұршақ жауады

25 сәуірде еліміздің көп өңірінде жел күшейіп, бұршақ жауады

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау облыстарында және Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту жарияланды.

Фото: Reuters.com

25 сәуірде Қазақстанның көп бөлігінде тағы да жаңбыр жауады. Өңірлерде тұман түседі, жел күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нөсер жауады, батыста ғана күн ашық болады.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғады, өңірлердің кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түседі. Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл облысында жел екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысында да бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Түркістан облысының солтүстіктегі және таулы аудандарында 1 градус ызғар болады, найзағай ойнайды, өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін. Маңғыстау облысында тұман түседі. Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version