2019 жылдың бірінші тоқсанында қала көлігі 5,5 миллиард жолаушыны тасымалдаған, бұл өткен жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 1,9%-ға көп. Соның ішінде, Қазақстан тұрғындары арасында такси қызметіне сұраныс артқан.

Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, такси қызметін пайдаланушылар саны бір жылда 29,3%-ға көбейген, осы жылдың қаңтар-наурыз айларында барлығы 1,3 миллиард жолаушы тасымалданған.

Автомобиль көлігі мен қала қоғамдық көлігі
Кесте: Ranking.kz

Сонымен бірге метромен жүретіндердің қатары 15,1%-ға артты, жылдың басынан бері жерасты қоғамдық көлігін 4 миллион жолаушы пайдаланған. Метрополитен Алматыда ғана бар екенін нақтылай кетейік.

Айта кетейік, қазіргі уақытта такси қызметін ұсынатын және жолаушылар тапсырысын өңдейтін танымал интернет-ресурстарға қатысты заң жобасы әзірленіп жатыр. Заң жобасы бойынша ұялы телефон қосымшасы арқылы қызмет көрсететін сервистер мемлекеттік органға тіркелуі қажет болады. Бұл норма көлеңкеде табыс тауып жүрген онлайн сервистерді заң аясына шығарады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданса, қолданыстағы «Автомобиль көлігі туралы» заң өзгертіледі.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Min)