Басты бет Қоғам 16 сәуірдегі ауа райы: қар мен жаңбыр, бұршақ пен жел

16 сәуірдегі ауа райы: қар мен жаңбыр, бұршақ пен жел

16 сәуірде еліміздің көп өңірінде жауын-шашын болады, оңтүстікте және батыста нөсер жауады, солтүстік-батыста күн ашық болады. Өңірлерде тұман түсіп, күн күркірейді, бұршақ жауады, көктайғақ болып, жел күшейеді, ауа температурасы төмендейді.

Фото: B-port.com

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда бүгін Жамбыл облысында күн күркірейді, бұршақ жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Түркістан облысында да күн күркірейді, нөсер, бұршақ жауады, 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола, Павлодар, облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында күн күркірейді, 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Өңірде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, ауа температурасы төмендейді. Қызылорда облысында күн тұманды болады. Ақтөбе облысында сынап бағанасы кей жерлерде 8 градус аязды көрсетеді, тұман түседі. Қарағанды облысында жаңбыр мен қар жауады, екпіні 23-28 м/с-ке жететін күшті жел соғады, тұман түсіп, күн күркірейді, көктайғақ болады, ауа температурасы 8 градус аязға дейін төмендейді.

Бүгін Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 16-18 сәуір күндері еліміздің көп өңірінде жаңбыр мен қар жауып, ауа температурасы кей жерлерде 10 градус аязға дейін төмендейтінін хабарлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version