Айгүл Мүкей “Хабар” агенттігіне оралды

Мұның алдында ол "Хабар" агенттігінде жаңалық жүргізушісі болып жұмыс істеген еді. 

Айгүл Мүкей. ©Tengrinews.kz

Тележүргізуші Айгүл Мүкей “Хабар” телеарнасына оралды. Ол “Давайте говорить” ток-шоуын жүргізеді.

Бағдарлама күрделі әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Оны жобаға “Хабар” агенттігінің басшысы Алан Әжібаев шақырды.

“Осындай алаңның бары ұнайды, себебі азаматша ретінде көкейімде сұрақтар жиналып қалды. Бағдарламаны шынайы және қызық етіп жүргізуге тырысамын. Жоба барысында мектепте сабақ беру, аналық капитал, әлеуметтік төлемдер жайлы сөз қозғалады. Мұның бәрі ана ретінде өзіме қызық”, – дейді тележүргізуші.

Ток-шоу 3 қыркүйектен бастап аптасына төрт рет шығады. Айгүл Мүкей телеарнаға 10 жылдан кейін оралып отыр. Мұның алдында ол “Хабар” агенттігінде жаңалық жүргізушісі болып жұмыс істеген еді.

“Қазір декреттемін. Бірақ үйде отырайын деп жатқан жоқпын, бала күтушім бар. Барлығын бірге алып жүруге тырысамын. Белсенді болғым келеді”, – дейді ол.