Құқық қорғау органдары күдікті түйіншекті Нью-Джерсидегі Элизабет қаласы теміржол вокзалынан тапқан. Осыған байланысты пойыздар қозғалысы шектелген еді. Қала мэрінің айтуынша, екі ер адам қоқыс жәшігінен бомба көріп, полиция шақырған. Ол жергілікті уақыт бойынша 21:30 шамасы болатын.
Жарылыс дүйсенбі күні жергілікті уақтыпен 00:40-та (Астана уақытымен 10:40) болған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
CNN арнасының хабарлауынша, «бомбаны құқық қорғау органдары жарған». Оқиға болған жерде қазір Федералды тергеу бюросы жүр.
Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарында үлкен жарылыстар болған еді. Полицияның мәлімдеуінше, Нью-Йорктегі жарылыстан 29 адам зардап шеккен.