Қызылорда өңірінде "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" бағдарламасы іске асып, сан түрлі салада күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Құрылысқа жергілікті жердің азаматтары тартылып, өңірде 9 мыңнан аса тұрғыны жұмысқа орналасты. Бағдарлама толық аяқталғаннан кейін аймақта 452 тұрақты жұмыс орны сақталады.
Қызылорда облысында 26 523 адам мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарына орналасады деп жоспарланып отыр.