Елімізде 15-25 қараша аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Әрбірін түсіну. Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату» ұранымен онкүндік науқан өтті.
Биыл Қазақстанда иммун тапшылығы вирусы инфекциясын 1700-ден астам адам жұқтырды. Науқастардың көбі кеселге жыныстық қатынас кезінде сақтанбағаны себепті душар болған.